Жаңалықтар

Қонаевта жұмыстан қуылған әскери қызметшіге қатысты тексеріс жүріп жатыр

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді
Қонаевта жұмыстан қуылған әскери қызметшіге қатысты тексеріс жүріп жатыр
Фото: uralskweek.kz 09.08.2022 16:29 1027

Қазір аталған жайтқа қатысты тексеру басталды. Факті анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, – деп хабарлайды El.kz порталы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желіде келісімшартпен қызмет атқаратын әскери А.Б. Елшібаеваны Қарулы күш қатарынан заңсыз шығарғаны жайлы пост жарияланды. Онда қызметкерге батальон командирінің оғаш қылық көрсету фактісі айтылған. Осыған байланысты айта кетейік, қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел комиссия құрылып, әскери бөлім тексеріске кірісіп кетті. Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тіпті қызметтен шығарудан бастап қылмыстық іс қозғауға дейін жауап беретін болады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған жайттың Қорғаныс министрінің жеке бақылауында болатыны айтылған.

«Осы мәселе төңірегінде туындаған барлық сұрақтар бойынша тікелей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: +77172721559, +77172721869», – дейді ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға