Жаңалықтар

Оқулықтардың 100 пайызы цифрлық форматта болады – министр

Бұл туралы бағдарламашыларды мерекесімен құттықтаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазды
Оқулықтардың 100 пайызы цифрлық форматта болады – министр
Фото: facebook.com/BagdatMussin 13.09.2022 20:25 1284

Таяуда оқулықтардың 100 пайызы цифрландырудан өтеді, тиісінше кітаптарды алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылады. Бұл туралы бағдарламашыларды мерекесімен құттықтаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз артық бюрократияны жоя отырып, 175 бизнес-үдерісті жетілдірдік. Ал, 2025 жылға дейін біз 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасайтын боламыз.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 94%-ы онлайн түрде қолжетімді. Оның ішінде 25 қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер смартфондарда қол жетімді және өткен жылмен салыстырғанда оларды пайдалану 17,5 пайызға артқан. Сонымен қатар, біз халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғыртуды бастадық. Қазірдің өзінде 8 жаңа фронт-офис жұмыс істеп тұр», - деп жазды министр.

Бағдат Мусиннің мәліметінше, «Ehealth» электронды денсаулық сақтау жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде. Ол азаматтарға қызмет көрсету орнына қарамастан, сырқатының тарихы мен барлық диагноздарын бір базада топтастыратын ұлттық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

«Ауылдық мектептер интернет-инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Бірақ бұл тұрғыда әлі де белсенді түрде жұмыс істеу керекпіз. Оқушылар мен мұғалімдер интернетті оқу процесінде пайдалана алуы үшін мектепішілік интернетті тарату желілерін дамыту қажет. Жақын арада оқулықтардың 100 пайызы цифрландырылатын болады және көптеген кітаптарды алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылатын болады» - деп мәлім етті Бағдат Мусин.

Министр жұмыстардың нәтижесін баяндай келе, әріптестерін бүгінігі бағдарламашылар күнімен құттықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға