Жаңалықтар

Министр: Бұқаралық ақпарат құралдарының қуатын Ұлттық арна көрсетіп отыр

Күн сайын таңымызды Шерхан Мұртазаның қолтаңбасы қалған «Таңшолпанмен» бастаймыз.
Министр: Бұқаралық ақпарат құралдарының қуатын Ұлттық арна көрсетіп отыр
Фото: qazaqstantv 16.09.2022 23:39 786

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі  «Қазақстан» телерадиокорпорациясын күзгі жаңа маусымның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz.

Министр корпорацияның «Қаңтар» оқиғасында «Алтын қорды» сақтап қалғанын, ал Референдум кезінде 16 сағат бойы тікелей эфирде еліміздегі алғашқы жаңа форматтағы шараға куә болғанын айтты.

«Күн сайын таңымызды Шерхан Мұртазаның қолтаңбасы қалған «Таңшолпанмен» бастаймыз. Қазір телеарна ұлттық сипатын халықаралық сипатқа айналдыру үстінде. Жақында телеарна Қырғыз елінде көрсетіле бастайды», - деді министр.

Сондай-ақ ол елдегі бұқаралық ақпарарат құралдарының қуатын Ұлттық арна көрсетіп отырғанына тоқталды.  

«Тарихи сериалдар арқылы тамырымызға терең бойласақ, сараптамалық материалдар арқылы бүгінімізді байыптаймыз. «Balapan» арқылы болашағымыздың келбетін көргендей боламыз. Барлығын бір арнада тоғыстырған Корпорация ұжымына ризашылығымды білдіремін»,- деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға