Министр: 8 айда экономикамыз 3,1%-ға өсті

Сондай-ақ, елдегі экономикалық ахуал, халықты және бизнесті қолдау бойынша сараптамалық бағалаулар ұсынылды.
дереккөз
Фото: дереккөз 30.09.2022 21:44 277

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша бөлімінің басшысы Николя Бланшемен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Министрліктің дерегеніне қарағанда, іс-шараға ХВҚ Швейцариялық кіші тобының мамандары қатысты.

Ведомство басшысы ХВҚ миссиясының өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Халықаралық валюта қорымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты, қазіргі экономикалық жағдайды, геосаяси жағдайға байланысты негізгі сыртқы факторларды, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талқылады.

Сондай-ақ, елдегі экономикалық ахуал, халықты және бизнесті қолдау бойынша сараптамалық бағалаулар ұсынылды.

Министр атап өткендей, әлемдік экономика үшін қиын кезеңге қарамастан, ҚР Үкіметі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істеуде.

2022 жылдың 8 айында біздің экономикамыз 3,1%-ға өсті. Өйткені негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Нақты сектор экономикалық өсуге айтарлықтай үлес қосты, - деді Ә.Қуантыров.

Ол биыл қыркүйекте 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бекітілгенін еске салды. Тұтастай алғанда, алдағы жылдарға арналған өсудің орта мерзімді болжамы инвестицияларды тартудың және құрылымдық реформалардың арқасында тұрақты болып қала береді.

Кездесуге қатысушылар ақша-несие, валюта, салық-бюджет саясаты, жеке секторды дамыту мәселелерін және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформаларды талқылады.

Министрлік 2023 жылы салықтық әкімшілендіруді қайта қарауды және рәсімдерді цифрландыруды көздейтін жаңа Салық кодексін әзірлейді,- деп хабарлады Ә.Қуантыров. 

Бұдан басқа, жаңа Бюджет кодексі әзірленетін болады.

Бюджеттік саясат экономикалық өсуді қолдауға, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталады, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, Ә.Қуантыров ХВҚ-ға фискалдық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған техникалық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Осыған байланысты Министрлік ХВҚ-мен техникалық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық үшін ашық.

Өз кезегінде, Халықаралық валюта қорының өкілдері әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Николя Бланше мырза Қазақстанмен одан әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін атап өтті.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz