Көлгінов елордалық зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Қарты бар ел-қазыналы ел. Біз аға буынымызды бағалаймыз және құрметтейміз.
instagram.com/altay_kulginov
Фото: instagram.com/altay_kulginov 02.10.2022 04:23 638
Қала әкімі Алтай Көлгінов «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлады El.kz.

"Біздің әрбір тұрғынымыз қаланың дамуына өз үлесін қосты. Аға буынымызға алғыс айтқым келеді. Олар түрлі салаларда еңбек етті, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп, жастармен тәжірибе бөлісті, жастарға жол сілтеді. Мемлекет жағдай жасайды: зейнетақы мен түрлі төлемдердің мөлшері артады, қарттарды қолдау бойынша шаралар қабылдануда және т.б. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында зейнеткерлер қызметтердің толық спектрін алады. Өз тарапымыздан қаланың әлеуметтік орталықтарын алдағы уақытта да қажетінше қолдаймыз. Қарты бар ел-қазыналы ел. Біз аға буынымызды бағалаймыз және құрметтейміз. Сіздерге ұзақ өмір және мықты денсаулық тілеймін", - деді Алтай Көлгінов.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz