Жаңалықтар

Елордада өтетін жәрмеңкеде Жамбыл облысы өнімдерін ұсынады

Өңірдің 100-ге жуық кәсіпкері елордаға 495,8 тонна өнімін әкелмек
Елордада өтетін жәрмеңкеде Жамбыл облысы өнімдерін ұсынады
Фото: gov.kz 02.09.2022 17:29 844
Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Жамбыл облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл өңірдің 100-ге жуық кәсіпкері елордаға 495,8 тонна өнімін әкелмек. Олар: 47 тонна ет (жылқы, сиыр, қой еті), 15 тонна тауық еті, 14 тонна шұжық өнімдері, 38,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік өнімдер, 13,4 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы, 336,1 тоннадан астам көкөніс, бақша дақылдары мен жеміс-жидек өнімдері. Сонымен қатар келісі 480 теңгеден сатылып жатқан 10 тонна қант ұсынылады.

Бұл жәрмеңке облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Айта кетейік, жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48. 
 

Ал 10-11 қыркүйек күндері өтетін жәрмеңкеде Қызылорда облысының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға