Жаңалықтар

Елордада үш жігіттен есірткі мен тапанша табылды

Заттың жалпы салмағы 47,10 грамм.
Елордада үш жігіттен есірткі мен тапанша табылды
Фото: egemen.kz 20.08.2022 11:02 1045
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Рысқұлбеков көшесіндегі үйдің ауласында ВАЗ 2115 aвтокөлігін тоқтатып, көлікті тексеру кезінде жолаушы орындығынан тапаншаға ұқсас зат пен есірткі табылды, деп хабарлайды El.KZ.

Оның салонында үш жас жігіт болған.

Polisia.kz басылымы таратқан ақпарат бойынша, жолаушылардың бірінің барсеткасынан 48 құтыда өсімдік тектес есірткі заты табылды, ол «гашиш» болуы мүмкін. Заттың жалпы салмағы 47,10 грамм.

– Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды. Қаруды заңсыз алып жүргені үшін күдіктілерге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға