Жаңалықтар

Елордада көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қызыл жалын 20.21-де ауыздықталып, 20.32-де толығымен сөндірілді.
Елордада көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Фото: el.kz 07.08.2022 00:17 714

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдай департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ.

ТЖД-нің мәліметінше, 6 тамыз күні сағат 20:05-те бөлімшеге Төлебаев көшесі, 6 "Арыстан" тұрғын үй кешенінен өрт шыққан туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер аталған мекенжайға дереу жетті.

Қойма үй-жайында 25 шаршы метр алаңда жатқан құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдар жанып, соңы алапат өртке ұласқан.

– Қызыл жалын 20.21-де ауыздықталып, 20.32-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға