Жаңалықтар

Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді – сарапшы

Қытай - Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі
Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді – сарапшы
Фото: egemen.kz 14.09.2022 20:43 1819

Жыл басында Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 2959 заңды тұлға тіркелген, олардың көпшілігі сауда және құрылыс саласында жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов тілге тиек етті. Бас ғылыми қызметкердің айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастығы, әсіресе көлік және транзиттік әлеуетті іске асыру, энергетика, сауда және логистика, қаржы сияқты салаларда Қазақстан экономикасын дамытудың өте маңызды факторы болып табылады. 

«Қытай компаниялары мен ұйымдарының қатысуымен Қазақстан экономикасының жетекші салаларында көптеген ірі жобалар жүзеге асырылуда, шекара маңы ынтымақтастығы нығаюда, көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Жыл басында Қазақстанда қытай капиталының қатысуымен 2959 заңды тұлға тіркелген, олардың көпшілігі сауда және құрылыс саласында жұмыс істейді», - дейді.  

Сондай-ақ, сарапшы Қытай Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі екендігін айтты. Соңғы жылдары ҚХР-ға Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 18%-ы, экспорттың шамамен 16% - ы және импорттың 20% - дан астамы тиесілі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан статистикасының деректеріне сәйкес екі елдің тауар айналымы 18 млрд. долл., құраған.  

«Осылайша, Қазақстан екіжақты саудада айтарлықтай профицитке ие. Айта кету керек, Қытаймен сауда тек қарқындылықпен ғана емес, сонымен бірге оң динамикамен де ерекшеленеді. Мәселен, ағымдағы жылдың жеті айында тауар айналымы 13,5 млрд. долл., ал экспорт - 8 млрд., долл,. бұл өткен жылғы көрсеткіштерден едәуір асады. Жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштер тауар айналымы 22,7 млрд. долл,. ал экспорт-14,4 млрд. долл құрады», - дейді.  

Сондай-ақ, сарапшы Қытай сонымен қатар Қазақстан экономикасының жетекші шетелдік инвесторларының бірі болып табылатындығын тілге тиек етті.  

«Екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері, тіпті жоғары деңгейде болса да, айтарлықтай өсу әлеуетіне ие. Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі іске асыру, Қытайға қазақстандық қызметтер мен өнімнің көптеген түрлерін экспорттау, өңдеу өнеркәсібінде бірлескен кәсіпкерлікті жандандыру, Халықаралық экономикалық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту перспективалы болып табылады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сапары осы және басқа да көптеген салалардағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз», - деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға