Жаңалықтар

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру жөніндегі жобаларды талқылауда

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің мұнай, мұнай өнімдері мен газдың ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттар жобаларының мазмұны талқыланды
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыру жөніндегі жобаларды талқылауда
Фото: baq.kz 05.08.2022 20:03 1081

Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелері мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының қатысуымен мұнай, мұнай өнімдері және газдың ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі кеңестер өтті, деп хабарлайды El.kz

2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарт негізінде 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО елдерінің ортақ энергетикалық нарықтарын кезең-кезеңімен қалыптастыру көзделген болатын.

Қазіргі уақытта тараптар ЕАЭО-ға қатысушы елдердің мұнай, мұнай өнімдері мен газдың ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттар жобаларының мазмұны мен талаптарын белсенді түрде талқылауда.

ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыруды мүше мемлекеттердің мұнай және мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін басымдықпен қамтамасыз ету; мүше мемлекеттер экономикаларының орнықты дамуын, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; мүше мемлекеттердің кез келгеніне тең құқықтық, өзара тиімділік және экономикалық залал келтірмеу негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту негізінде жүзеге асыру ұсынылады.

ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру: мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін (мүше мемлекеттердің ішкі газ нарықтарының жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін қоса алғанда) және мүше мемлекеттердің заңнамасын; ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің газ нарықтарының жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін; газға деген ішкі қажеттіліктерді бірінші кезекте қамтамасыз етуді және ортақ газ нарығын қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Кеңестердің қорытындылары бойынша халықаралық шарттардың жобалары тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, одан әрі пысықталатын болады. Жақын арада ЕАЭО елдері аталған құжаттардың жобаларын талқылауды жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға