Жаңалықтар

Дархан Жазықбаев мемқызметкердің негізгі ұстанымы қандай болуы керегін айтты

Дархан Жазықбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің саналы түрде өзгеруінің маңыздылығына тоқталды.
Дархан Жазықбаев мемқызметкердің негізгі ұстанымы қандай болуы керегін айтты
Фото: дереккөз 01.10.2022 05:57 1994

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды EL.KZ.

Кездесу барысында Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту бойынша Агенттік тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.

Агенттіктің басты міндеті - сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Бұл міндетке қол жеткізу үшін меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметте кадрларды іріктеу мен ілгерілетудің ашық және әділ жүйесін қамтамасыз ету маңызды, - деді Агенттік төрағасы.

Мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту жоспары мемлекеттік аппараттың жұмысында бюрократияға жол бермеу, мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, конкурстық рәсімдерді цифрландыру, стратегиялық HR-ды дамыту және персоналды басқару қызметтерін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін күшейту шараларын қамтиды.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерім көрсеткен түлектерін оқу бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Астана қаласынан басқа өңірлік органдардың бос жекелеген лауазымдарына тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылуда.

Дархан Жазықбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің саналы түрде өзгеруінің маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік қызмет – парыз, адамшылық борыш, халықтың сенімі. Санада осындай түсініктерді орнықтырған кезде ғана әділ, адал ниетті, халыққа қызмет етуді парыз деп санайтын қызметшілердің толқыны қалыптасады. Сондықтан басты ұстаным – адал ниетпен елге қызмет ету болуы керек. Осы бағытта саналы түрде өзгеріс қажет, - деді Агенттік басшысы.

Кездесуде Академия магистрант, докторанттары мемлекеттік қызметшілерді оқытуға, мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты ұсыныстарын айтып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға