Бизнестің өзекті мәселелері талқыланды

ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден 01.10.2022 02:21 335

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің нақты мәселесі бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Жиын барысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері салық преференцияларына, жер қатынастарына, көлік шығындарын субсидиялауға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге және т. б. қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

Жиын қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев бірқатар тиісті тапсырмалар берді, соның ішінде белгіленген мерзімде реттеуші актілерді талдауды аяқтау тапсырылды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz