Жаңалықтар

Бірқатар өңірде қатты ыстық болады – Қазгидромет

6-8 қыркүйекте Алматы облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады
Бірқатар өңірде қатты ыстық болады – Қазгидромет
Фото: egemen.kz 05.09.2022 21:00 974

Қазгидромет 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz

6-8 қыркүйекте Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының солтүстігінде және оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік–батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі, 35-37 градус қатты ыстық болады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысыныңбасым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. 

Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысыныңбатысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігіне, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысында оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық болжанады.

Қарағанды облысының батысында және оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Шығыс желі, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысыныңбасым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға