Жаңалықтар

Білім берудің барлық деңгейінде халықтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету керек - Смайылов

Үкімет басшысы шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының 4 филиалы ашылғанын атап өтті
Білім берудің барлық деңгейінде халықтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету керек - Смайылов
Фото: Үкімет 09.08.2022 10:54 825

2021 жылдан бері 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ 1436 мектеп жаңғыртылды. Бұл туралы Үкімет басшысы Алихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қолайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орынға мектептер салу көзделген. Жастарды кәсіптік-техникалық біліммен қамту үшін бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша 45 мың орын бөлінді. Еңбек нарығында сұранысқа сай кадр даярлау үшін 500-ге жуық кәсіпорын колледждерді қамқорлыққа алды», - деді Премьер-Министр.

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының 4 филиалы ашылды. Инновациялық бағыттар бойынша шетелдерден 400 оқытушы тартылды.

«Біздің басты міндетіміз – балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету», — деп атап өтті Ә. Смайылов Үкімет отырысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға