Жаңалықтар

Бекзат Нұрдәулетов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

1 қазан күні сіздердің қолдауларыңызбен елімізді қуантып, көк байрағымызды желбіретуге бар күш-жігерімді салатын боламын.
Бекзат Нұрдәулетов келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады
Фото: massaget.kz 28.09.2022 00:19 1452

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов өзінің инстаграм парақшасында кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымда Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегіне дейін оқу-жаттығу процесін аяқтап, Польшаның Люблин қаласына аттанатынын атап өтті.

«Ер азығы жолда. Кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жек алдындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, Польшаның Люблин қаласына сапарға шықтық. 1 қазан күні сіздердің қолдауларыңызбен елімізді қуантып, көк байрағымызды желбіретуге бар күш-жігерімді салатын боламын. Алға, Қазақ елі!», - деп жазды Нұрдәулетов. 



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға