Жаңалықтар

"Барыс" - жеңімпаз!

Қазақстандық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен сынға түсті. 
"Барыс" - жеңімпаз!
Фото: дереккөз 20.08.2022 07:59 1139

«Барыс» шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.KZ.

Қазақстандық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен сынға түсті. Басында «Металлург» 4 ұпаймен алда келе жатқан еді. Ал «Барыстың» еншісінде 3 ұпай болатын.

Есепті ресейлік хоккейші Филипп Майе ашты. Одан кейін «Барыс» сапынан Дінмұхамед Қайыржан 33, Джереми Бракко 34, Энтони Луис 37-минуттарда үш шайба соқты.

«Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Екінші орынды «Металлург» командасы алды. Үздік үштікті «Автомобилист» командасы түйіндеді.

Турнир 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға