Жаңалықтар

Бағдат Мусин іс-сапармен Қызылорда облысына барды

Министр Қызылорда қаласының №3 қалалық емханасына барды
Бағдат Мусин іс-сапармен Қызылорда облысына  барды
Фото: gov.kz 08.08.2022 16:46 908

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қызылорда қаласының №3 қалалық емханасына барды, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Емхананы аралау барысында Бағдат Мусин дәрігерлермен әңгімелесіп, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуде қандай мәселелерге тап болатынын сұрап білді. 

Медицина мекемесін аралау барысында министр маммография кабинетіне өтіп, маммографиялық аппараттың PACS жүйесіне қалай қосылғанымен таныс болды. 

Аталған жүйе пациенттің ауруының тарихын бірнеше дәрігердің бір жүйеден көруіне және уақытты барынша үнемдеуге көмек береді. 

PACS жүйесі Қызылорда облысының 13 медициналық ұйымына енгізілген.

Министр сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, цифрландыру бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті. 

Бұдан кейін Цифрлық даму министрі Қызылорда қаласының халыққа қызмет көрсететін цифрлық кеңсенің  жұмысымен танысты. 

Аталған цифрлық кеңседе 2022 жылдың 6 айында азаматтарға 22 129 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин түстен кейін Қызылорда қаласындағы “Достық үйінде” өңір тұрғындарымен кездесіп олардың сұрақтарына жауап береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға