Жаңалықтар

Ажар Ғиният: Электрондық денсаулық сақтауды дамыту – уақыт талабы

Осы талдаудың нәтижелері бойынша кеңес одан әрі ынтымақтастықты қандай бағыт бойынша дамыту керектігін айқындауы қажет.
Ажар Ғиният: Электрондық денсаулық сақтауды дамыту – уақыт талабы
Фото: дереккөз 23.09.2022 21:44 1006

Түркістанда ТМД Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мерейтойлық, 35-отырысының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды EL.KZ.

Отырысты ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылы Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасының тең төрағалығы жанындағы ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске, Кеңес мүшелерінің, базалық ұйымдар мен комиссиялар басшыларының, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің белсенді қолдауына төрағалық еткенін атап өтті. Биыл Кеңес аясында 24-тен астам іс-шара өтіп, 100-ден астам мәселе қаралды.

Кеңестің халықаралық ынтымақтастығы медициналық ғылым мен практиканың өзекті мәселелерін шешуде үкіметаралық ұйымдардың, жекелеген медициналық мекемелер мен мамандардың күш-жігерін біріктіру мақсатында Денсаулық сақтау мен медицина ғылымы проблемаларының кең спектрін қамтитыны жөн. Біздің дәстүрлі халықаралық әріптестеріміз – Парламентаралық ассамблея, ДДСҰ, ЮНЕСКО, ЕЭК және ТМД-ның басқа да ұйымдары – деді министр.

Сондай-ақ, ол Кеңестің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл, туберкулездің таралуы, инфекциялық қатерлерге қарсы күрестің бірыңғай өңірлік жүйесін қалыптастыру, онкологиялық патологиясы, қант диабеті бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, трансфузиологиялық көмекті дамыту және электрондық денсаулық сақтауды дамытудағы жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, А.Ғиният COVID-19-ға қатысты жағдай электрондық денсаулық сақтау мен телемедициналық коммуникацияларды дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы шешімнің дұрыстығын растағанын атап өтті.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту – жақын болашаққа арналған стратегиялық мақсат. Осыған байланысты электрондық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің трансшекаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігі, оның ішінде телемедициналық консультация жүргізу бөлігінде ерекше мәнге ие болады, - деп толықтырды ДСМ басшысы.

Электрондық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін интеграциялау мәселелері жөніндегі жұмыс тобы 2002 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде телемедициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету кезінде құқықтық реттеу мен бағдарламалық – техникалық мүмкіндіктерге салыстырмалы талдау жүргізді.

Осы талдаудың нәтижелері бойынша кеңес одан әрі ынтымақтастықты қандай бағыт бойынша дамыту керектігін айқындауы қажет.

Құрметті кеңес мүшелері, комиссиялардың, базалық ұйымдар мен жұмыс топтарының құрметті басшылары, сіздердің қолдауларыңыз бен бірлескен күш-жігеріңіздің арқасында биылғы жылы біз бірқатар мәселелерді шешіп, Достастық мемлекеттері азаматтарының денсаулығы үшін нәтижелі жұмыс жасай алдық!- деп қорытындылады А.Ғиният.

Форум аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзбек әріптесі Бехзод Мұсаевпен екіжақты кездесу өткізіп, оның барысында 2023 жылға дейін денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша Жол картасына қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға