Жаңалықтар

Қазақстандық Жаңа кәсіптер атласы

Қазақстандық Жаңа кәсіптер атласы
Фото: baribar.kz 17.09.2022 18:06 2709

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында еңбек саласындағы сарапшылар пайымдаған, бізге 5-10 жылдан кейін келетін мамандықтар туралы оқи аласыз.

Онда Қазақстанның басты 9 саласы бойынша еңбек нарығындағы ағымдағы трендтер туралы да айтылады:

- Тау-кен металлургия кешені;

- Мұнай және газ;

- Энергетика;

- Ауыл шаруашылығы;

- Ақпараттық технологиялар;

- Туризм;

- Көлік және логистика;

- Машина жасау;

- Құрылыс.

Атласта жоғалып бара жатқан немесе өзгеріп жатқан мамандықтар туралы айтылады.

Сипатталған салалардағы мамандардың қажеттіліктерін дамыту сценарийлерін өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар, саланың дамуына әсер ететін және болашақтың дамуына өзіндік көзқарасы бар салалық сарапшылар әзірледі.

Сарапшылар күткен еңбек нарығының даму векторларымен Кәсіптер атласы сайтында таныса аласыз. (https://enbek.kz/atlas/kk)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға