Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады

Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болады
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады
Фото: kaztag.kz 03.08.2022 16:28 1574

Синоптиктер 4, 5 және 6 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Солтүстік антициклон жотасы республиканың солтүстік жартысына ықпал етеді, сондықтан алдағы күндері солтүстік аймақтарда негізінен құрғақ және шуақты, ал түнде салқын болады.

«Атмосфералық фронталь бөлімдер біртіндеп оңтүстікке қарай жылжып, орталықта, шығыста және елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынның сақталуына ықпал етеді, таулы аймақтарға жақындаған кезде фронттар күшейіп, жаңбыр жауады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болады деп болжанады», - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға