Жаңалықтар

Қазақстанда кейбір ресейлік арналардың көрсетілімі тоқтатылады

Компанияның бұл қадамға не үшін барғаны нақты белгісіз.
Қазақстанда кейбір ресейлік арналардың көрсетілімі тоқтатылады
Фото: talgargazeti.kz 27.09.2022 23:25 789
5 қазаннан бастап олар еліміздің аумағында көрсетпейтін болады, деп хабарлайды El.kz.

"Билайн" компаниясы Қазақстан аумағында ресейлік ақпараттық телеарналардың трансляциясын тоқтату туралы шешімге келіпті. Бұл ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

"Дом кино", "Победа", "О!", "Первый канал СНГ", "НТВ МИР", "Карусель International", "Россия 24", "Музыка Первого", "РТР Планета", "Время: далекое и близкое", "Телекафе", "Поехали", "Дом кино Premium HD", "Бобёр", "Россия К" арналары көрсетпейді", — делінген хабарламада.

Олардың орнын "Еврокино", "Любимое Кино", "1HD music" және "Еда Премиум HD" арналары баспақшы. Компанияның бұл қадамға не үшін барғаны нақты белгісіз.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға