Жаңалықтар

Қазақстанда байлық салығы енгізіледі

Қазақстанда байлық салығы енгізіледі
Фото: © СЦК 08.09.2022 23:24 768
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қандай мүлікке салынатындығын түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz.

- Сән-салтанат нысандары — белгілі бір жоғары құнға, кейде тіпті, инвестициялық құнға ие нысандар. Олардың бағасына байланысты градация жүргізіледі. Мәселен, яхталар, спорттық көліктер, шетелдегі виллалар, жеке ұшақтар, - дейді Әлібек Қуантыров.

Ол дәл осыларға сән-салтанат салығы салынатын болады деп айтты. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында "сән-салтанатқа салық" енгізуді тапсырған болатын.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға