Жаңалықтар

Қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылғаны рас па?

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді
Қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылғаны рас па?
Фото: ult.kz 26.09.2022 19:00 701

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстанның өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда. Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ», - делінген комитеттің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға