Жаңалықтар

Авиация комитеті Мәскеу-Алматы бағытындағы билет құнына қатысты мәлімдеме жасады

Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет
Авиация комитеті Мәскеу-Алматы бағытындағы билет құнына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: trend.az 21.09.2022 19:19 773

Мәскеу-Алматы бағыты бойынша билет құнына қатысты Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz комитетке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Мәскеу – Алматы бағыты бойынша билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуекомпаниясы) және Дубай – Алматы ("Эйр Астана"әуекомпаниясы) маршруты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілгенін хабарлаймыз.

Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет.

Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:00-дегі жағдай бойынша:

– 2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша "SCAT" қазақстандық авиакомпаниясының рейсіне билет құны 253688 теңгені және ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі бағасы 208078 теңгені құрайды.

– 2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясының рейсіне билет құны 334146 теңгені құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға