Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды
Фото: El.kz 07.08.2022 07:23 668

7 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды   El.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді. 

Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады. 

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.  

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға