Жаңалықтар

Астана атауын қайтару: Қазақстандықтар талқылауға қатыса алады

БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады.
Астана атауын қайтару: Қазақстандықтар талқылауға қатыса алады
Фото: accor.com 14.09.2022 22:22 953
Елорда мәслихаты азаматтарды қала атауын өзгерту жайлы онлайн тыңдауға қатысуға шақырды, деп хабарлады El.kz астаналық әкімдік сайтына сілтеме жасап.

"15 қыркүйек сағат 10:00-де осы мәселе бойынша онлайн тыңдаулар өтеді. Әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жарияланған немесе қала мәслихатының maslihat_org@mail.ru поштасына жіберілген ұсыныстар есепке алынып, ертең жарияланады", - делінген ақпаратта.

Онлайн жария тыңдауларға қала тұрғындары және тілек білдірушілер елорда мәслихатының әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы қатыса алады. БАҚ өкілдеріне Zoom сервисінің платформасына қатысу үшін сілтеме қолжетімді болады.

Бұған дейін ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Күн тәртібіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы мәселе талқыланды.

2 қыркүйекте парламент мәжілісінің "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері, елорданы Астана деп қайта атау туралы мәселе қозғаған. Олардың ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға