Жаңалықтар

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметті Бекболат Шәкіров атқаратын болады
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: inform.kz 09.08.2022 15:53 1540

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа бастық тағайындалды. Бұл қызметті Бекболат Шәкіров атқаратын болды, – деп хабарлайды El.kz.

Бекболат Шәкіров Жезқазған облысының Ағадыр кентінде туған.

2001 жылы ҚР ӘдМ ҚАЖК Қостанай заң институтын «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.

1993 жылдан 1995 жылға дейін Қарулы күштер қатарында қызмет еткен. 1995 жылы құқық қорғау органдарына қызметке қабылданған.

Осы сәттен бастап 1997 жылға дейін Жезқазған облысы Ағадыр ауданының ІІБ жанындағы ЖБ милициясы взводының милиционері болып қызмет өткерген.

Бұдан соң 2000 жыл мен 2010 жыл аралығында ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай заң институтында тыңдаушы болған.

Кейін ҚР ІІМ ҚАЖК Қ.Шырақбаев атындағы Қостанай заң институтында ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысқан.

2010 жылдан Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымда болған.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде басқарма бастығы лауазымын атқарған.

2020 жылдан бүгінге дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары міндетін атқарған.

Қызметтік міндеттерін орындауда қол жеткен табыстары үшін бірнеше рет ҚР ІІМ басшылығының марапатына ие болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға