Жаңалықтар

Алматылықтар Қостанайда өрттен зардап шеккендерге көмек жинап жатыр

Шараға мұрындық болған AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалы.
Алматылықтар Қостанайда өрттен зардап шеккендерге көмек жинап жатыр
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 04.09.2022 16:12 819

Алматыда "Жастар рухы" коворкиг-орталығында Қостанайдағы тілсіз жаудың шығынана байланысты гуманитарлық көмек ұйымдастыруда, деп хабарлайды El.kz.

Бұл шараға мұрындық болушы AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалы болып табылады. Бірнеше күннен бері Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрттен орман-тоғай ғана өртеніп қоймай, адам шығынын жасады. Тілсіз жай біршама аумақты шарпыды. Соның салдарын жою, қысылтаяң шақта Алматы жұртшылығы да өз жәрдемдерін тигізуде. 

Аталған көмек орталығына белді кәсіпкерлер, қала тұрғындары, қарпайым азаматтарда өз үлестерін қосуда. Нақтырақ баяндағанда, қант, ұн, күріш, сары май, сабын сынды тұрмыстық қажеттілік тудыратын заттар жиналу үстінде. Бұл туралы "Жастар Рухы" ЖҚ АҚФ төрағасы Әкежан Кеңесов мәлім етті. 

"Бүгін таңертеңнен бастап Қостанайға көмек қолын созу мақсатында гуманитарлық пункт ашылды. Осы жерде еріктілер, тұрғындар, көмектесуге ниетті жастар келіп жатыр. Мұнда азық-түліктен бөлек, жеке гигиеналық заттар әкелінуде. Сонымен бірге құрылыс заттарын да алып келуде. Көмектесемдеушілер қатары артып барады. Алматы қаласының тұрғындары, мәслихат депуттары қолдауын білдіруде", - деді Ә.Кеңесов. 

Сонымен қатар аталған орталыққа қарапайым  шаһар тұрғындарының, жастардың өз үлестерін қосып, атсалысуда. 

"Біз отбасымызбен бірге осы бір келеңсіз хабарды естідік. Анық-қанығын әлеуметтік желілерінен білдік. Осы жағдайға жүрегіміз ауырды. Сол себепті де азда болса көмектесуді ойладық. Сондықтан киім-кешек, азық-түлік, сынды түрлі нәрселерді өткіздік", - деді Ершат Сәбитов есімді қала тұрғыны.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға