Жаңалықтар

Алматыда 70-тен астам мектеп салынады

Оның ішінде 23 мектеп пен жапсаржай бюджет есебінен, қалғандары жеке қаражат есебінен бой көтереді.
Алматыда 70-тен астам мектеп салынады
Фото: egemen.kz 12.09.2022 22:53 1214
2025 жылдың соңына дейін Алматыда 71 мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оның ішінде 23 мектеп пен жапсаржай бюджет есебінен, қалғандары жеке қаражат есебінен бой көтереді. 16 мектеп пен жапсаржай құрылыс салушылармен жасасқан меморандум аясында жүзеге асырылады. Бұл Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарына сәйкес жүргізіледі.

"Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 2025 жылдың соңына дейін қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылады. Әлеуметтік нысандар салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатына болады. 2024 жылдан бастап "Солтүстік" және "Шығыс қақпасы" полиорталықтарындағы алғашқы тұрғын үй кешендерінің тапсырылған кезде ғимаратты аралас пайдалану тәсілі сыналады", - делінген хабарламада.

Осылайша, полиорталықтарда қажетті инфрақұрылымы және барлық қажетті функция мен қызмет жиынтығы бар қауіпсіз тату көршілік орта құрылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға