Жаңалықтар

Алматы облысында бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам ұсталды

Күдікті белгіленген тәртіппен қамауға алынды
Алматы облысында бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz 06.09.2022 20:19 953

Алматы облысында бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жәбірленушінің қатысуымен видео жарияланған болатын.

– Аталған қылмыс 3 қыркүйек Шелек ауылында болған. Бұл дерек Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды және барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.

Күдікті белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға