Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлына арналған музей-үйдің құрылысы жақында аяқталады

Қостанай облысының әкімі Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауыл мен Торғай селосына барды
Ахмет Байтұрсынұлына арналған музей-үйдің құрылысы жақында аяқталады
Фото: Instagram/arkhimed_mukhambetov 05.08.2022 21:05 1090

Торғай селосының Ахмет Байтұрсынұлы ауылында Ұлт ұстазына арнап салынып жатқан музей-үйдің құрылысы тамыздың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz

«Бүгін жұмыс сапарымен Амангелді және Жангелдин аудандарына бардым. Алдымен, «Әулиекөл – Жалдама» тас жолының 50 шақырым учаскесінің орташа жөндеу барысын тексердім. Жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сапар аясында Жангелдин ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауыл мен Торғай селосына бардым. Мұнда Торғай өзені арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым. Көпірді жөндеуге 200,8 млн теңге қаражат бөлінді.

Одан кейін А. Байтұрсынұлы музей-үйі мен медициналық пункт құрылысының барысымен таныстым. Қазіргі уақытта мұнда нысанның іргетасын құю, шатырын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарын осы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деп жазды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға