Жаңалықтар

Акчурин АҚШ-та тағы жеңімпаз атанды

Ол 2021 жылы да чемпион титулын алған болатын.
Акчурин АҚШ-та тағы жеңімпаз атанды
05.08.2022 23:42 1177

Елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектебінің түлегі Ануар Акчурин байдарка мен каноэде есу бойынша АҚШ-тың Цинцинати қаласында өткен ашық чемпионатта бірінші орынды еншіледі, деп хабарлайды EL.KZ.

Ол 2021 жылы да чемпион титулын алған болатын.

Акчурин АҚШ-та тағы жеңімпаз атанды

Бүгінде халықаралық санаттағы спорт шебері атанған Ануар ескек есумен он жылдан астам уақыт шұғылданады. Айтуынша, бұл оған шыдамды әрі мықты болуға көмектесті, алға қойған мақсаттарына жетуді үйретті. 

Акчурин АҚШ-та тағы жеңімпаз атанды

Ануар Акчурин 2017-2019 жылдар аралығында 1000, 500 және 200 метр қашықтықта республиканың бірнеше дүркін жүлдегері деп танылды. Сондай-ақ қазақстандық жас спортшы – 2016 жылғы Өзбекстанда өткен Азия кубогының бірінші орын иегері, 2018 жылы Словакияда ұйымдастырылған халықаралық регатаның жеңімпазы, Болгарияда 200 метр қашықтықта жастар арасында өткен 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Өзбекстанның Самарқанд қаласында 500 және 200 метрге есуден 2018 жылғы Азияның екі дүркін чемпионы.

Акчурин АҚШ-та тағы жеңімпаз атанды

Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 2018 жылғы түлегі Ануар Акчурин биыл Флорида технологиялық институтын «mechanical engineer» мамандығы бойынша (АҚШ) тәмамдап, жыл студенті атанды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға