Жаңалықтар

Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды

Заңбұзушылықтар расталса, әуежайға айыппұл салынып қана қоймай, заңсыз кірістер тәркіленеді. 
Ақтау халықаралық әуежайына қатысты тергеу басталды
Фото: aktau-airport.kz 22.09.2022 19:32 2031
"Ақтау халықаралық әуежайына" қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz Маңғыстау облысы монополияға қарсы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Авиакеросинге монополиялық жоғары баға қоюға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл әуе билеттері бағасының өсуіне әсер еткен", - деді ведомствода.


Заңбұзушылықтар расталса, әуежайға айыппұл салынып қана қоймай, заңсыз кірістер тәркіленеді. Іс құқық қорғау органдарына жіберілуі де мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға