Жаңалықтар

Ақшолақов Павлодар облысының энергетикалық нысандарын аралады

Бірінші кезекте министр алдағы жылыту маусымына дайындық барысына мониторинг жүргізу мақсатында Екібастұз ЖЭО-ға барды.
Ақшолақов Павлодар облысының энергетикалық нысандарын аралады
Фото: gov.kz 24.09.2022 18:29 794
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде өңірдің энергетикалық объектілерін аралады, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші кезекте министр алдағы жылыту маусымына дайындық барысына мониторинг жүргізу мақсатында Екібастұз ЖЭО-ға барды. Аралау барысында негізгі жабдықтың жөндеу жұмыстары және төмен теріс температуралар кезеңінде жүктемелерді көтеру дайындығы тексерілді. Екібастұз ЖЭО-да жөндеу жоспарланған 5 бірліктің (№6, 12, 13, 14 қазандықтарды және №1 турбинаны күрделі жөндеу) 2 бірлігі жөнделді (№13 қазандық және №1 турбина). Негізгі құрал-жабдықтардың 3 бірлігінде жөндеу жұмыстары жалғасуда: №6 қазандық (2022 ж. 25 шілдесінен бастап 25 қыркүйегіне дейін - 83%), №12 қазандық (2022 ж. 18 сәуірінен бастап 20 қарашасына дейін – 59%), №14 қазандық (2022 ж. 10 тамызынан бастап 31 қазанына дейін– 28%).

Ақшолақов Павлодар облысының энергетикалық нысандарын аралады

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрі Екібастұз 1-МАЭС-і мен 2-МАЭС-інде болды.

Ақшолақов Павлодар облысының энергетикалық нысандарын аралады

1-МАЭС-те жөндеу науқаны мен күзгі-қысқы кезеңге дайындықтан басқа, министр №1 энергоблокты қайта жаңарту бойынша жобаның іске асырылу барысымен танысты. Жобаның мақсаты станцияның қолда бар қуатын жобалық 4 000 МВт-қа дейін арттыру болып табылады, бұл Қазақстан Республикасында электр энергиясына болжамды сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру кезеңі 2012-2023 жылдар.

Жобаның ағымдағы мәртебесі: орындалған жұмыстардың нақты көлемі 63.24%, бөлшектеу – 88,39%, монтаждау – 52,24%, жабдықты жеткізу – 51%.

2022 жылға арналған жұмыстарды орындаудың егжей-тегжейлі кестесіне қол қойылды.

Ақшолақов Павлодар облысының энергетикалық нысандарын аралады

Бұдан әрі энергетикалық ведомство басшысы 2-МАЭС-ке барды. Бүгінгі таңда 2-МАЭС-тегі барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. Болат Ақшолақовты №3 энергоблок құрылысы бойынша жобаның жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Қуаты 636 МВт болатын турбогенератор және ҚХР-дан тікелей ағынды мұнара қазандығы негізгі жабдық болып таңдалды. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 2025 жылы 1600 МВт дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Павлодар облысы электр энергиясын өндіру бойынша елімізде бірінші орын алады және республиканың барлық электр энергиясы көлемінің 40%-ын қамтамасыз етеді.

Облыстың электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 8014 МВт, қолда бар электр қуаты – 7692 МВт.

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына барғаны хабарланған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға