Жаңалықтар

9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градус аяз
9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: massaget.kz 21.09.2022 20:29 814

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градус аяз. 

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде жел қырқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қостанай облысының басым бөлігінде және Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында және Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға