260 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

Қолданған шаралар нәтижесінде тариф 169 теңгеге түсірілді.
gov.kz
Фото: gov.kz 29.09.2022 16:02 662

Монополистер баға тарифін негізсіз өсіріп, кәсіпкерлерге тым қымбат қызмет көрсеткен. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды El.kz

Айтуынша, 2021 жылдан бастап прокурорлардың актілерімен 2 мыңнан астам заңсыз жұмыстарға тыйым салынып, 2,7 млрд теңге сомасына 36 мың әкімшілік іс тоқтатылған. Сондай-ақ 1 200 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, 260 мың кәсіпкердің құқығы қорғалғаны айтылды.

«Монополистер өздеріне берген мүмкіндікті пайдаланып, баға тарифін өсіре отырып, кәсіпкерлерге тым қымбат қызмет көрсеткен. Бұл әрине, кәсіпкерлерге қолайсысздық тудырғандықтан, тергеп-тексеруге тура келді», - дейді.


Бас прокурордың орынбасары тексеру нәтижесінде тариф түсіріліп, қабылданған шаралармен кірме жолдар мемлекетке қайтарылып, тарифтер 13 есеге төмендетілген.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу 4 есеге қысқарғанын жеткізді.

«Егер қыркүйек айына дейін күн сайын бизнестің қатысуымен кемінде 4 қылмыстық іс тіркелсе, қазір біреуден артық емес. Жалпы 260 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды. Осылайша, бизнесті толғандырған бірқатар мәселелерді шештік», - дейді ол.


Бұдан бөлек, бизнесті тексеруге қатысты тәртіп орнатылғанын айтты.

«Олардың саны 9 есеге (246 мыңнан 27 мыңға дейін), ал тексеру парақтарындағы бизнеске қойылатын талаптар жартысынан астамға (60% - ға-31 мыңнан 13 мыңға дейін) қысқарды. Бұл бағытта «Қылмыстық процестің үш буынды моделі» толық жұмыс істейді», - деді.


Мұның барлығы бизнеске қатысты қылмыстық істерді 5 есеге және тұтқындалғандар санын 2,5 есеге қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.

Бұрын бақылаушы органдарының тексеру қорытындыларымен олардың актілерін қылмыстық қудалау органдары негізге ала отырып, дереу қылмыстық іс қозғайтын. Қазіргі таңда Бас прокурордың нұсқауына сәйкес, бақылаушы органдардың және басқа да тексеруге құқығы бар мекемелердің актілердің кәсіпкер сотқа жүгіну арқылы оны толығымен теріске шығаруға мүмкіндігі бар. Яғни, бұл актілерге кәсіпкердің сотқа жүгіну арқылы өзінің дұрыстығына толығымен көз жеткізуге мүмкіндік туып отыр деген сөз», - деді Жандос Өмірәлиев.

 


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар

Логотип сайта adebiportal.kz Логотип сайта baigenews.kz Логотип сайта baq.kz Логотип сайта e-history.kz Логотип telegram канала elinfo_kz