Жаңалықтар

250 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасымен танысады

«Ауыл аманаты» алғашқы мобильді тобының жұмысы 28 шілдеде Маңғыстау облысында басталды
250 мыңнан астам ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасымен танысады
Фото: smi24.kz 01.08.2022 16:52 1995

Ақпараттық марафон барысында «AMANAT»партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр, деп хабарлайды El.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, еліміздегі 250 мыңнан астам отандасымыз партияның Үкіметпен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы егжей-тегжейлі танысады.

Жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несиені қайдан алуға болады? Кооперативті не үшін құру керек? Мемлекет техниканы лизингке алуға көмектесе ме? Еліміздің барлық өңіріне40 күндік ақпараттық марафонға аттанған партияның мобильді топ мүшелері осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап беруге дайын. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

Жамбыл облысында 2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Ауыл халқының табысын арттыру»қанатқақты жобасын 2023 жылдан бастап республика деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде 2023-2025 жылдары әр жыл сайын еліміздің барлық облысына жобаны іске асыруға арналған бюджеттік несиелер бөлу көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пакеті әзірленді.Ол қаражат алу тетігін айтарлықтай жеңілдетіп, жобаны іске асырудың тиімділігін арттырады.  

«Өңірге бөлінетін бюджеттік несиенің көлеміне және ауылдардың несиеге сұранысына байланысты облыс әкімдіктері кезекті қаржы жылында жобаға қатысатын ауылдық округтерді айқындайды. Жұмыссыздар және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаты жоба аясындамикрокредит алуға үміткер бола алады. Мысалы –ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Партия мүшелері атап өткендей, Жамбыл облысының оң тәжірибесі ауыл тұрғындарын бағдарламаға қатысуға ынталандыруы тиіс. Мәселен,осы өңірге республикалық бюджеттен 7,2 млрд. теңге бөлінді. Жобаға қатысуға 11 ауылдық округ іріктелді. Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3 есеге қысқарып, аталған ауылдарда орташа айлық табыс мөлшері 1,7 есеге ұлғайды.Жұмыссыздар саны 36%-ға азайды. Микрокредит бойынша мерзімі өткен, 60 күннен асқан төлемдер болмады.

«Ауыл аманаты» алғашқы мобильді тобының жұмысы 28 шілдеде Маңғыстау облысында басталды. 1-5 тамыз аралығында мобильді топ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарына аттанады. Қалған өңірлерде жұмыс кестеге сәйкес жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым-шілде айларында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2 346 ауылдық округ әкімі оқытылды (микродеректерді жинау, маркетингтік талдау, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалық бағыттарды анықтау, ауылдың мамандануы, әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске қосу дағдылары).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға