Жаңалықтар

13 мың жүк көлігінің елге заңсыз кіргені анықталды

43 мемлекетпен келісімшарт арқылы жүк тасымалданады.
13 мың жүк көлігінің елге заңсыз кіргені анықталды
Фото: alashainasy.kz 29.09.2022 14:13 1522

Бұл туралы бүгін кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында бас прокуратурада кеңейтілген отырыста журналистерге берген сұқбатында «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі Болатбек Алиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Айтуынша, Қазақстан халықаралық тасымалдаушы елдердің мүшесі қатарында. Бүгінде 43 мемлекетпен келісімшарт арқылы жүк тасымалданады.

«Жұмыстың ережесі бойынша Еуропа елдеріне бару арқылы жүк тасымалдаймыз. Бізге тасымалдау жүктің және бізден таситын жүктің көлемінің 100 пайызының 70 пайызын шетелдік компаниялар тасиды. Ал біздің қазақтың компаниялары оның 30-ақ пайызын тасымалдайды. Бұл бір жағынан әділетсіздік. Біз арызданғаннан кейін жұмыстар басталғанның нәтижесінде  өте көптеген біздің елге заңсыз кіріп кеткен көліктердің көлемін анықтадық», - деді.


Сондайа-ақ, спикер шет мемлекеттен рұқсатсыз 13 мың жүк тасымалдаушы заңсыз көлік елге кіріп кеткенін айтты.

«Олардың бәріне біздің тараптан рұқсат беріледі. Бірақ, рұқсат бойынша олар квотамен кіру керек болатын. Алайда, квотасыз келгендіктен, қазіргі уақытта бұл заңсыздықты анықтау мақсатында бас прокуратура, қаржы министрліктері тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүкті қазақтың компаниялары тасымалдауы қажет. 13 мың рейс кем дегенде 45-50 млрд теңгенің көлеміндегі кіретін кіріс болып саналады», - деп атап өтті.


Аталған кірістің барлығын сырттағы компаниялар алып кетіп отыр. Бас прокуратура бұл жағдайларды ашып көрсетіп, заңсыздықтарды анықтауда көмектесуде екенін айтты.

«Яғни, квтотасыз кіріп кетіп, біздің қаржыны алып кетіп отыр. Бұл жағдайда қазақ елі өз пайдасын өзіне алып қалу қажет деп санаймын. Әр мемлекетке берілетін квота есептелінген. Мысалы, Белорусия мемлекетіне кіруге 2 мың квота береміз, ал олар квотасыз бір жарым мыңнан артық кіріске рұқсатсыз келіп отыр. Бүгінде кеден рәсімдеу бекеттерінде заңсыз кірген көліктердің тізімі бар», - деген «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі Болатбек Алиев бүгінде жауапты министрліктермен аталмыш кедергілерді жою бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға