Жаңалықтар

11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: kazaknews.kz 08.08.2022 21:15 849

Синоптиктер Қазақстанның 11 облысында дауыл соғатынын хабарлады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, күндіз Абай облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел батыста оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз - 15-18 м/с. Ақмола облысының шығыс жартысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

Облыстың шығыс жартысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың шығыс жартысында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстікте, орталықта, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз найзағайдың екпіні 15-18 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық.

Орал қаласында күндіз ауа температурасы 35 градусқа көтеріледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қаласында найзағай ойнап, күн күркірейді. Қызылорда облысында күндіз облыс орталығында солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында күндіз найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында күндіз найзағай ойнайды.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға