Жаңалықтар

«Үздік педагог-2022» байқауына құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

Екінші кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарттық.
«Үздік педагог-2022» байқауына құжат тапсыру мерзімі ұзартылды
Фото: vogazeta.ru 22.09.2022 17:17 1355
"Үздік педагог-2022" байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжат қабылдау тағы үш күнге ұзартылды, деп хабарлайды El.kz.

Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, бүгінде teachercontest  веб-порталында тіркелген үміткерлер саны 4,4 мыңнан асты. Байқауға қатысамын деушілер көп.

"Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің көптігін көріп отырмыз. Сол себепті конкурсқа құжат қабылдауды 25 қыркүйекке дейін, екінші кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарттық. Конкурсты өткізу тарихында алғаш рет электронды форматта өткізіп отырмыз. Бұл қатысушыларға байқаудың әр кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қазір байқаудың үш кезеңі де автоматтандырылған", - деді оқу-ағарту министрлігінің

Айта кетері, байқауға құжат қабылдау биыл 12 қыркүйекте басталған болатын. Оған балабақша, мектеп пен колледж мұғалімдері қатыса алады. teachercontest  веб-порталы арқылы өтінім беруге, конкурс құжаттамасын жүктеп алуға және барлық кезеңдегі ұпайларды бақылауға болады.

"Үздік педагог" атағының иегерлеріне 3 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы және арнайы төсбелгі табысталады. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат министрліктің ресми сайтынан табуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға