Жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұл туралы Тениис Федерациясы хабарлады
 Қазақстан жасөспірімдері теннистен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҚР Теннис федерациясы 04.08.2022 20:45 685

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Чехияның Простеев қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды El.kz

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Словения құрамасымен күш сынасты.

Бірінші кездесуде Даниэль Тазабеков тағы да үмітті ақтады. Бастапқы партияда Свит Сульичке 4:6 есебімен есе жібергеніне қарамастан, жеңіске деген жігерін таныта білді. Екінші сетте тай-брейкте қарсыласын тығырыққа тіреді – 7 :6 (8:6).

Үшінші, шешуші партияда Даниэль 4:1 есебімен алға шықты. Алтыншы геймде Сульич медициналық көмекке жүгінді. Жас қазақстандық теннисші тізгінді уысынан шығарған жоқ – 6:2.

Содан кейін қос құраманың көшбасшылары Заңғар Нұрланұлы мен Жига Шешко кортқа шықты.

Бірінші сет Заңғардың пайдасына шешілді – 6:4. Екінші партияда да ол шеберлігінің басым екендігін көрсетті – 6:3.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (капитаны Сергей Квак) өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға