Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 133 млн теңге бөлді

Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті
«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 133 млн теңге бөлді
Фото: ulysmedia.kz 16.09.2022 18:33 1399

«Қазақстан халқына» қоры қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына көмекті Бас прокуратура ұсынған тізім бойынша көрсетеді. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Қор атынан қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 19 отбасыға 133 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған 18 адамның отбасына 126 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, жарақат алған 6 баланың отбасына қордан 18 млн теңге берілді», - деді «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, қор тарапынан қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен жалпы саны 154 адамға қаржылай көмек көрсетілді. 

«Осы орайда, айтып өтетін жайт, қордан көмек алған кейбір азаматтар оларға қатысты мәліметтерді жарияламауды сұрады. Дегенмен, бізде кімге қандай көмек көрсетілгені туралы толық есеп бар», - дейді ол. 

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев жуырда Бас прокуратурадан қаңтар оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза болғандар тізімі берілетінін айтты. Сол тізімдегі азаматтарға қор тарапынан көмек көрсетілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға