Жаңалықтар

Тестілеу кезінде ереже бұзған 118 адамның нәтижесі жойылды

Тестілеу кезінде ереже бұзған 118 адамның нәтижесі жойылды
08.06.2022 16:37 28687

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған уақыттан бері 90 мыңнан астам талапкер тест тапсырған. Оның ішінде түлектердің 74,7% қазақ тілінде, 25,2% орыс тілінде 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті,- хабарлайды El.kz.

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсының үшінші аптасындағы тестілеуге қатысты тың мәліметтер алу мақсатында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевқа хабарласқан едік. 

Тестілеу кезінде ереже бұзған 118 адамның нәтижесі жойылды

– ҰБТ басталғалы шектік балды 67% - ға жуық талапкер жинады. Ал орташа ұпай 65 балды құрады. Талапкерлерге тестілеуді ыңғайлы тапсыру үшін ҰБТ-ның уақыты 40 минутқа ұзартылды. Тест сұрақтары кестелерсіз және диаграммаларсыз болады. 2021 жылы ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың саны 90 болса, биыл үш апта ішінде тестілеуге осы санатқа жататын 310 бала қатысты. Жалпы негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Әр түлекке тестілеу орны мен уақыты енгізіліп отыр,- дейді Руслан Емелбаев.

Тестілеу кезінде ереже бұзған 118 адамның нәтижесі жойылды  

Руслан Тохтарбекұлының айтуынша, биыл түлектерге алғаш рет ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS арқылы хабарлама жіберілетін болыпты. Хабарлама оқушыларға, сондай-ақ ата-анасына да жолданады.

Тестілеу орталығының маманы берген мәліметке назар салсақ, соңғы қорытынды бойынша 119 талапкерден ұялы телефон мен шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті әшкереленген. Салдарынан олар тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 118 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

ҰБТ-2022 жаңашылдығы

Руслан Емелбаевтың айтуынша, білім жән ғылым министрлігі әрбір талапкердің ұсынысын ескерген екен. Сол ұсыныстардың өзектісі – ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі. Бірақ, екі рет тапсырғанның өзінде, грантқа тек бір сертификатты ұсына алады.

Тестілеу кезінде ереже бұзған 118 адамның нәтижесі жойылды  

  • 2022 жылғы ҰБТ-ның ерекшелігі – ҰБТ-ны тапсырып, ережені бұзған жағдайда, екінші рет тапсыра алмайды және нәтижелері есепке алынбайды. Бірақ, ондай жағдайда, тамыз айында қайтадан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

  • ҰБТ-да шекті бал – 75 балды құрайды. Қалған салаларда ешқандай өзгерістер енгізілмеген.

  • Қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Тестілеу уақытында, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз сұрақтар жасалады.

  • Ережеге сәйкес, әр талапкердің тест нұсқасын таңбалайды. Яғни, ҰБТ-ны тапсырушы талапкерлерге арнайы жасалған нұсқа беріледі. Егер, тестті көшіру мақсатында сыртқа алып шығып, ережені бұзса, нәтижесі жойылады.

  • Министрліктің өзі де ҰБТ-ның басталуы мен аяқталуына дейін жұмыс барысын қадағалайды. ҰБТ-ны тапсырмай тұрып, барлығына қолжетімді «сынақ тестілеу» жүйесі іске қосылды. Бұл тестілеуде таңдалған пәндер бойынша білімдерін тексере алады.

  • 2022 жылғы түлектер үшін білім беру орталықтары тегін курс немесе сабақтар ұйымдастырды. Сабақтар YouTube арнасында тікелей эфирде өтеді және сақталады. Оқушы босаған уақытында өткізіп алған сабағын қайта қарай алады.

  • Биылғы тестілеудің тағы бір жаңалығы – әр пәнге тақырыптарға талдау жүргізу. Бұл талапкерге әр пәнді жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл наурыз ҰБТ-сында іске қосылды. Яғни қазір негізгі ҰБТ-ға дайындалып, балалар наурыз ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қай пәндерден және тақырыптардан дайындығын жақсарту қажет екендігін біле алады. Сонымен бірге, 1-мүмкіндігін тапсырып болған талапкер тақырыптық талдау арқасында екінші мүмкіндікке толық дайындала алады.

  • Талапкерлер үшін жасалған тағы да бір мүмкіндік – екі жыл қатарынан Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша 100 датаны енгізеді . Яғни, тестілеу барысында енгізілген 100 дата ғана болады.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда мектеп бітіруші түлектердің басым көпшілігі биыл математика мен физика пәндерін таңдапты. Оның көрсеткіші 27% құрайды.

Биыл ең көп таңдалған бейіндік пәндер

1.     МАТЕМАТИКА / ФИЗИКА 27%

2.     БИОЛОГИЯ/ХИМИЯ 17%

3.     ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН 15%

4.     АҒЫЛШЫН ТІЛІ / ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 9%

5.     БИОЛОГИЯ/ ГЕОГРАФИЯ 8% 

Материалды әзірлеген Әнел Смайылқызы

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға