Жаңалықтар

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды
12.04.2022 14:22 3667

Еуразия ұлттық университетінде  Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне орай сәулет бағытындағы «Oitek» ғылыми-тәжірибелік орталығының ашылу рәсімі өтті.

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

Тұсаукесер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы авторларының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сәулет» кафедрасының профессоры Жандарбек Мәлібекұлының  «Ой» қазақ философиялық толғауының ерекшеліктері мен «Тектілік» дәстүріне негізделді.

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

Салтанатты іс-шараға Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы, «Қалдан-Жәлден» қоғамдық қорының президенті Жолтай Әлмашұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, сонымен қатар көрнекті ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Орталықтың ашылу салтанатында Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекүлының және «Сәулет» кафедрасының шығармашылық жұмыстарынң көрмесі таныстырылды.

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

– Бүгін ғылым күніне арнап біздің Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде сәулет бағытындағы «Oitek» ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды. Оның мақсаты біздің мыңжылдықтарда құрылған сәулет өнерімізді зертттеу мен зерделеу болып табылады. Таңбалы тастар, балбал тастар, жерасты пантеондарын зерттеп, соларға қатысты мамандық иелерін дайындау керек. Қазақстандағы барлық ескерткіштерді алып, энциклопедия жасап шығару керек. Біз қаншалықты өзіміздің архитектурамызды білсек, соншалықты алға жылжимыз деп ойлаймын,– дейді  профессор Жандарбек Мәлібекұлы.

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің айтуынша «Oitek» сәулет орталығы заманауи ұлттық сәулет өнерін қалыптастырудың іргелі әдістерін әзірлеу  болып табылады. Алдағы уақытта олардың ғылыми нәтижелерін, қала құрылысы мен түрлі сәулет нысандарын жергілікті ерекшеліктеріне сәйкес жобаларда ел игілігі үшін пайдалану жоспарлануда.

– Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Рәміздердің қабылданғанына 30 жыл болды. Мереке 4 маусым күні үлкен салтанатты дәрежеде атап өтіледі. Атаулы күнге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ерекше кірісіп отыр. Себебі елтаңбаның авторы профессор Ж.Мәлібеков біздің университетте қызмет жасайды. Бұл университет үшін ғана емес, ел үшін мақтаныш,– дейді университет ректоры.

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

Ерлан Бәтташұлы «Oitek» сәулет орталығы болашақ сәулетшілерді әсіресе ұлттық нақышқа байланысты жастардың ой-өрісін дамыту мақсатында жастарды тәрбиелейтін орталық болатынын айтты.

–  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстан» идеясын алға қойып отыр. Жаңа Қазақстанды құрудың шегі жоқ.  Бірақта тек қана экономиканы немесе билік жүйесін өзгертумен ғана шектелмеуі керек. Жаңа Қазақстанның жаңа адамдары  сананы өзгертуі керек. Сананы қалыптастыртын дүние біздің дәстүріміз, тарихымыз және архитектурамыз. Ең басты тамаша қаламыз біздің елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының архитектурасына да Жаңа Қазақстанға сай өзгерістер енгізуіміз керек, – деді ЕҰУ ректоры Ерлан Бәташұлы.

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

«Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды

Модератор  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінң  Әлеуметтік-әдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы профессор Ж.Мәлібекұлының биылғы жылы 80 жасқа толған мерейтойы аталып өткенін айта кетті.

Одан кейін «Қалдан-Жәлден» қоғамдық қорының президенті Жолтай Әлмашұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов ағамызға деген ақжарма тілектерін білдірді.

 Іс-шараның соңы «Oitek»   ғылым-тәжірибе орталығына саяхатпен аяқталды.   

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға