Жаңалықтар

Микрореволюция: 2017 жылдың басты ғылыми жаңалықтары

Ғылым әлемінде қандай өзгерістер болып жатыр?
Микрореволюция: 2017 жылдың басты ғылыми жаңалықтары
18.01.2018 12:31 6866

Ғылым күннен-күнге дамып келе жатқан ХХІ ғасырда ғалымдар бір қарағанда ақылға сыймайтын жаңалықтармен таң қалдырып жатыр. Ұннан жасалған дронның ұшып жүргенін немесе көрінбейтін плащ жамылған адамдарды елестетіңізші. Ал жәндіктердің арқалаған сөмкелері туралы не дейсіз? Келешекте сіздің ұрпағыңыз анасыз биожатырда жетілуі мүмкін. Бұлардың барлығы 2017 жылдың берген ғылыми жаңалықтары.

Жеуге болатын дрон

Бірнеше жыл бұрын Ұлыбританияның ВВС авиациясының подполковнигі британдық инженер аэронавт Найджел Гиффордпен кездесіп, әуе арқылы Сирия жерінде қоршауда қалған бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек берудің жай-жапсарын талқылады. Олар ұшақтар арқылы үлкен жүктерді тастаса, адамдар бөліп аламын дегенше мергендердің көзіне түсіп қалатын болғандықтан, жеуге болатын дрондарды жіберу керек деп шешті.

Осылайша, қанаты 3 метрге дейін жететін 65 келілік The Pouncer планері өмірге келді. Планер ұшақтан көрсетілген жерге 100 шақырым биіктіктен лақтырылады. Фюзеляжды жармалармен немесе жергілікті тұрғындар қолданатын азықпен толтыруға болады. The Pouncer – гуманитарлық көмек көрсетудің ең тиімді жолы. Әр түрлі табиғи апаттарда байланыс үзілген елді-мекендерге оп-оңай тамақ жеткізуге болады. Бір жүк ұшағы бірнеше жүздеген осындай дрондарды тасуға қауқарлы. Әзірге The Pouncer-дің кей бөлшектері ағаштан тұрады, болашақта Гиффорд барлығын жеуге болатын азықтан жасамақ.

Хирургиялық шырыш

Arion fuscus – сарғылт-қоңыр шынашақтың көлеміндей ұлу. Ол өте жай қимылдағандықтан, жыртқыштардан қашып құтыла алмайды. Ұлудың жаудан құтылатын өзгеше айласы бар, ол денесінен дәмсіз әрі қозғалтпайтын шырыш бөліп тұрып қалады.

Бұл ғылыми жаңалықтың алғашқы авторы жас ғалым Жиэнью Ли (Jianyu Li) (Wyss институтының докторанты, қазір McGill University-інде профессордың ассистенті болып қызмет етеді) медициналық желімдерді қалай жақсарту туралы ойлана бастады.  Сол кезде оның есіне Еуропа мен АҚШ-тың кейбір аймақтарында кең таралған осы Ымырт Арионы (Арион тектілер) есіне түседі.  Бұрындары бұл желім оң зарядталған белоктардан тұратын қатқыл матрицадан тұратын еді. Ал Ли мен оның екі әріптесі оң зарядталған полимерлері бар адгезивті қабатты қолдап тұратын альгинат-полиакриламид матрицасынан тұратын екі қабатты гидрогель жасап шығарды. Бұл ғылыми жаңалық одан әрі жетілдірілді. Соның арқасында 2017 жылы Гарвард лабораториясында Дэвид Дж. Муни бастаған ғалымдар осы шырыштың негізінде препарат жасап шығарды. Ол құрылымы жағынан хирургиялық желімге ұқсайды, усыз болғандықтан ішкі ағзаға қолдануға болады. Препарат тек құрғақ емес сулы қабаттарды да жақсы желімдейді. Оның көмегімен ішкі жараларды, жүректің тілінген тұсын жапсыруға болады.

Сиқырлы орамал

Бірнеше нәсілді әйел-инженерлерден тұратын Hyphen-Labs командасы бет-әлпетті жасыратын орамал ойлап тапты. Орамал сырт көзге аксессуар секілді болғанымен, бақылау камералары үшін үлкен проблема тудырады. Себебі, орамал жамылған адамның түрін танып-білу мүмкін емес. Оның матасында дизайнер Адам Харви ойлап тапқан 1200 адамның бет-әлпеті бар HyperFace өрнегі басылған. Сондықтан камералар орамалдың астында жасырынған әйелдің нақты кім екенін айыра алмайды.

Орамал – NeuroSpeculative AfroFeminism-нің бір жобасы ғана. Олар бұған дейін, камерасы бар сырға мен шашына күтім жасап жатқан жыныссыз нейрокосметолог секілді виртуальды элементтері бар сұлулық салонын ойлап тапқан.

Жүйке өрмекшісі

Еуропадағы Вена медициналық университетінің бірінші қабатында «Spinnenraum» («Өрмекшілер бөлмесі») деген тақтайша орнатылған есік бар. Ол есіктің ар жағында алтын түсті танзаниялық 21 өрмекші өмір сүреді. Олар әйелдердің құрсақ қуысынан металл орауыш арқылы 200 метрден аса өрмекші жібегін жинайды. Осындай процедура аптасына бір рет, 15 минут жүргізіледі. Содан соң, жібектер зарарсыздандырып, 20 см жіп боп өріліп, жануарлардың жүйке тор қабатының зақымданған жеріне пайдаланылады. Бірнеше айдан кейін жіп торында жаңа жасушалар пайда болып, жүйке қалыпқа келеді. Әзірге, бұл тәжірибе маймылдар мен қойларға жүргізіліп жатыр. Ал адамдарға биыл ғана тәжірибе жасалып, сынақтан өткізіледі.

Жәндіктерге арналған сөмке

Алыс Солтүстік Вергиниядағы орманды биомедициналық зерттеу орталығында инеліктің сөмкесі бар. Мұны бірнеше жыл бұрын нейробиолог Энтони Леонардо инеліктің шыбын аулағандағы миының белсенділігін тіркеу үшін ойлап тапқан еді. Ғалымның айтуынша, әрбір жәндік жүйелік платамен, компьютерлік чиппен, бірнеше электронды бөлшектермен және де адам шашының қалыңдығы секілді антеннамен жабдықталған.

Орнитологтар осы сөмкелер арқылы саны азайып бара жатқан құстар туралы біліп отырмақшы. Тек құстар емес, жалпы жәндіктердің миын зерттеудің тиімді тәсілі бұл.

Ars Brevis

Сыртқы әлемді, оның көлемінің өзгеруін зерттеудің бір тәсілі. Біз жалпы көзге көрінбейтін кішкентай дүниелерді көру үшін микроскоп пайдаланамыз. Ал сәулет өнерінің шебері Такахиро Ивасаки керісінше жасайды. Ол күнделікті материалдарды пайдалана отырып, алып құрылымдардың көлемін кішірейтеді. Міне, осыны Ars Brevis деп атайды.

Хамелеон

Теңіздің түбінде өмір сүретін сегізаяқ өзінің түрін, пішінін сан құбылта алатынын біліп пе едіңіз? Ол керек кезде камбала, теңіз шаяны, теңіз маржанының кейпіне еніп кетеді. Осы теңіз жәндігінің ерекшелігін ғалымдар өз ғылыми жаңалығына пайдаланып отыр.

Пенсильвания мен Корнель университетенің зерттеушілері Джеймс Пикуль мен Роберт Шепард қоршаған ортаға байланысты өзгере алатын силиконды жамылғы ойлап тапты. Сегізаяқтың сан алуан пішінге еніп, түсін өзгертуіне әрқилы дөңес, томпақ бөлшектер жасай алатын кішкентай бұлшықеттері жауап береді. Ал Пикуль мен Шепард оның орнына өте ұсақ ауа шарларын пайдаланады.

Бұл ғылыми жобаны Қорғаныс министрлігі қаржыландырған болатын. Олардың мақсаты – хамелеон әскери киімдер жасап шығару. Әзірге бұл жамылғыны тек тастар мен өсімдіктердің ортасында пайдалануға болады.

Тірі түстер

Стрептомиценттер – бактериялардың ішіндегі ең ерекшесі. Олар антибиотиктердің өндірісінде кеңінен қолданылады. Француздық биотехнологиялық стартап Pili-дің негізін салушылар стрептомиценттен бояу жасауға болатын көк пигментті штамм ала білді. Осылайша, синтетикалық биолог Томас Ландрейн мен дизайнер Мари-Сара Аденис табиғи сия мен бояу беретін бактерияларды өсіре алатындықтарын мәлімдеді. Егер оларды глюкозамен тамақтандырса, ферментация арқылы әр түрлі түстер молекуласын жинақтай алады.

Бұл қазіргі химияның дамыған заманында таптырмас өнім болмақ. Себебі, бірнеше жүздеген литр түрлі-түсті химикаттар өзендер мен теңіздерге төгіліп, қоршаған ортаға орасан зиянын тигізіп жатыр. Стрептомиценттердің улы емес екенін ескерсек, осы мәселенің шешудің оңтайлы жолын көруге болады.

Пакеттегі өндіріс

Филодельфиядағы балалар емханасы биоқап – инкубатор ойлап тапты. Бұл қалта шала туған нәрестелерді жетілдірудің таптырмас жолы. Әзірге, биожатырда жануарлар сынақтан өтіп жатыр. Тәжірибе сәтті өтсе, пакетте өсіп жетілген адамдардың заманы басталады.

Дереккөз: fastsalttimes.com, wyss.harvard.edu, dezeen.com

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға