Жаңалықтар

Біліміңізді сынап көруге дайынсыз ба?

 Биылғы жылы 10 ақпанда Алматы қаласында “Ашық Зертханалық” өтеді.
Біліміңізді сынап көруге дайынсыз ба?
06.02.2018 12:13 5190

Ғылыми сауаттылықты тексеруге бағытталған бұл халықаралық ағартушылық науқанға  Германия, Франция, Чехия және Қытай секілді жиырмадан астам ел қатысады. “Ашық Зертхана” Қазақстанда екінші рет өткізілгелі отыр.   

Қатысушылар физика, химия, биология, астрономия, антропология және механика салалары бойынша ондаған қызықты сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берулері тиіс. Даршыға сырық не үшін керек және киттің қарашығының салмағы қанша? Бас ауырған кезде не ауырады? Заттардың барлығы молекуладан құрала ма? Неге адам жануарларға қарағанда ақылдырақ және “органикалық өнімдер” қандай аңыздармен қапталған?

“Сауатсыз адам жалған ғылыми үрейлер мен манипуляцияның құрбанына айналуы мүмкін. “Ашық Зертханалық” сіздің қоршаған әлем туралы біліміңіз заманауи ғылыми түсініктерге қаншалықты сай келетінін тексеруге мүмкіндік береді. “Лаба” емтихан емес. Дұрыс айтсаңыз – өз біліміңізге деген сеніміңіз беки түседі. Қателік жіберсеңіз – дұрысын үйренесіз”, – дейді OYLA журналының редакторы, “Ашық Зертханалық” зертхана жетекшісі Мария Валяева.

Акция бір жарым сағатқа созылады: бұл уақыт ішінде сіз өз нәтижеңізді біліп қана қоймай, сондай-ақ “зертхана жетекшілерімен” әр тапсырманы талқылап үлгересіз. Қатысу үшін формула, шыны сауыт, реактивтер және калькулятор керек емес – бар болғаны логика, сау ақыл, аңғарымпаздық және жасампаз ой жеткілікті.  

Қазақстандағы зертхананы ұйымдастырушы-серіктестер - Chevron компаниясы, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Makerspace Almaty-дің қатысуымен OYLA ғылыми-көпшілік журналы.  

Егер өз білімділігіңізге сенімді болсаңыз, "Ашық Зертханаға" қатысыңыз!

Күні: 10 ақпан 2018 жыл.

Басталуы: 10:00.

Орыны: Төле би көш., 59 үй, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимараты (кіру Төле би көшесі жағынан)*

Ұзақтығы: 90 минут.

Жасы: шектелмеген.

Тілі: орыс және қазақ.  

Кіру еркін, алайда қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу керек.  

Назар салыңыз: ҚБТУ ғимаратында кіру жүйесі жұмыс істейді. Сондықтан, тіркелу кезінде нақты деректеріңізді көрсетіп, “Лаба”-ға жеке куәліктеріңізді әкелуді ұмытпаңыздар.

*Айтпақшы бұл күні «Лаба»-ға openlaba.com сайты арқылы онлайн да кіруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға