Қандастар Ассамблея

Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Алдымызға үлкен мақсаттар қойылды»

11.05.2017 3711

Баспасөз конференциясы

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Мәдениет жне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы Н. Назарбавтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында ведомствоның 2017 жылдың І ширегінде атқарған жұмысы туралы баяндады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзінде тоқталып өткендей, Жаңғыру 3.0 аясында министрліктің алдына қойылған ең маңызды бағыттардың бірі ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша міндеттер болып табылады. Бұл бағыт жанармай-энергетикалық, аграрлы-өндірістік кешендердің дамуы, сауда, көлік және индустриализация секілді салалармен қатар экономикалық жаңғыру олимпиалық жолының алты негізгі басымдылықтарына енгізілген.

«Алдымызға үлкен мақсаттар қойылды. 5 жыл ішінде туризм бойынша ішкі жалпы өнімнің өсімі 15%, туризм саласында қызмет көрсететін халықтың саны 530 мың адам, ал туризмге инвестициялар өсімінің көлемі 23% құрайды деп күтілуде», - деп хабарлады министр. 

Сондай-ақ министрдің ақпаратына қарағанда, бүгінгі таңда Туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасының жобасы жасалды. Құжатта туризм саласындағы кәсіпкерлік пен қызмет көрсету нарығын дамыту, Ұлттық кеңсе құру, еліміздің бай тарихи-мәдени мұраларын, бірегей табиғи аймақтарын кеңінен танымал ету, сонымен қатар білім нарығы, медицина, спорт, мәдениет және т.б. салалардағы жетістіктерін әлемге паш ету арқылы әлемдегі Қазақстан туризм нарығын ілгерілету бойынша барлық іс-шаралар толықтай бір-бірімен үйлестірілген.

Сонымен қатар ведомство басшысының хабарлауы бойынша, қазіргі уақытта ҚР Парламент Сенаты «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасына спорт түрлерін қаржыландырудың жаңа жүйесі мен спорт түрлері бойынша саралауды көздейтін өзгертулерді бекітті. Бұл өзгерістер спорт түрлері бойынша қаржының республикалық және жергілікті деңгейде объективті және тәуелсіз бөлінуі, қаржыландыру барысында ауытқуларға жол бермеуге мүмкіндік қалыптастырады.

«Министрлік Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру қызметіне кірісті. Өздеріңізге мәлім, Елбасы ұсынған жобалар еліміздің шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, қоғам арасында кеңінен қолдау тауып, олардың әрқайсысы Туған жер, Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы, Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет, Қазақстандағы 100 жаңа есім және т.б. жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалыса бастады», деп хабарлады министр. 

«Министрлікке туризм саласындағы функциялар берілгеннен кейін мәдениет, спорт, туризмнің өрістерінің бір-бірімен дұрыс бағытта селбесуі қамтамасыз етілді. Өйткені нақты осы салалар барша әлемде өте тиімді және тез танымал болуға мүмкіндік береді», - деді А. Мұхамедиұлы.