Жаңалықтар

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»

Түлкібас станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің полицейлері
«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»
29.10.2020 22:49 5245

Көлік полицейлері еліміздің әуе және теміржол нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Осы орайда Шымкент станциясындағы желілік полиция бөліміне қарайтын Түлкібас ст ЖПб жолымыз түсіп, аталған аудан сақшыларының қызметімен таныс болдық.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу» 

Желілік полиция бөлімінің құрылуы

Қазақстан Көлік милициясының құрылу тарихы Түркістан – Сібір Темір жол магистралының құрылымымен тығыз байланысты. Уақыт талабына сәйкес, халық Комиссариатының 1919 жылы 18 ақпанда көлік милициясын құру туралы Декрет қабылданған болатын. Шымкент милиция бекеті, кейін бөлімшесі 1947 жылы Ішкі істер органдарының Халықтық Комисариаты Ташкент Ішкі істер басқармасы қарамағында болды. 1955 жылы Ішкі істер органдарының Халықтық Комисариатының құрамынан бөлініп, Орта Азия ішкі істер басқармасы қарамағында Шымкент темір жол милициясының бөлімшесі қайта құралды. Темір жолдың жаңа желілері салынып, тасымалданатын жүктер мен жолаушылар легі ұлғайып желілік ішкі істер органдарының орналасқан орны, қызмет көрсететін учаскелік аймақтары көбейтілді. Жылдар өтіп, көп нәрсе өзгертілді.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»

Көліктегі ПД ішкі істер органдарында ел қатарлы талай өзгерістерді басынан өткізді. 1970 жылдан Алматы темір жол көліктегі Шығыс Ішкі істер басқармасы болып, қарамағында Шымкент желілік ішкі істер бөлімшесі, 1993 жылдан Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер бөлімшесі болып қайта құрылды. 2010 жылдың қазан айынан бері Көліктегі полиция департаментінің қарамағында қызмет етіп келеді. Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер бөліміне бүгінгі таңда бірнеше Желілік полиция бөлімшелері кіреді. Солардың қатарында Түлкібас ЖПб де бар.

   «Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет»

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөліміне қарайтын Түлкібас ст ЖПб қызметімен таныстыру үшін Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің кадр саясатының жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Байдулла Жансейтов арнайы Түлкібас ауданына келді. Полиция полковнигі тәртіп сақшыларының бүгінгі күні және жыл басынан бері атқарып келе жатқан қызметі туралы мәлімдеді.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»

(Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің кадр саясатының жөніндегі орынбасары Байдулла Жансейтов)

– Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барша тәртіп сақшыларына жүктелген ортақ міндет. Біздің көлік полицейлері қауіпті аймақ саналатын теміржол және әуе нысандарының қауіпсіздігін күндіз-түні қамтамасыз етіп келеді.Түлкібас ст ЖПб-де осы кезеңге дейін қызмет еткен, әке жолын жалғап ел тыныштығы жолында қызмет етіп жүрген полицейлер жоқ емес. Шағын аудан болса да қылмыспен күресіп, қоғамды заңсыздықтардан қорғап, әрбір азамттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен барша тәртіп сақшыларына алғысымды білдіремін, – деді полиция полковнигі Б.Жансейітов.

Байдулла Жансейтов Ішкі істер органдарында 27 жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі полицей. 1968 жылы 19 қарашада Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1985 жылы орта мектепті бітіріп, 1985- 1993 жылдар аралығында Қазақ Химика технологиялық институтының «технолог» мамандығы бойынша жоғары білім алып шыққан. 1993 жылы Шымкент қаласындағы Көліктегі Оңтүстік-Шығыс департаментіне қарасты Шымкент станциясындағы желілік полиция бөліміне жас маман лейтенант болып қабылданды. Қазіргі таңда аталған бөлімде Бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарып, жас полицейлерге тәлімгерлік етіп, үлгі көрсетіп жүр.

Түлкібастық көлік сақшылары

Бүгінде Шымкент ст. ЖПБ Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесі бастығының міндетін полиция аға лейтенанты Самат Қадыров атқарады. Самат Нұралыұлы Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 2009 жылы орта мектепті бітіріп, 2009-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «заңгер» мамандығы бойынша жоғарғы білім алған. 2017 жылы қыркүйек айында Ішкі істер органдарына қабылданады.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»

(Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейі Зәбен Ғалымжан)

Жыл басынан бері Түлкібас ЖПб бойынша әкімшілік жауапкершілікке 300 адам тартылған. Оның ішінде сауда-саттық бойынша 47 адам, ұзақ бұзақылық бойынша 5 адам, қоғамдық орында масаң күйде жүру – 21, қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін – 30, түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүрген – 1, тыныштықты бұзу бойынша –  2, қоғамдық орында тиісу бойынша – 44, теміржол торабынан белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін – 105 адам және карантин кезінде санитарлық талапты бұзғаны үшін – 1 адам және темір жол бойында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша – 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1 АЕК көлемі – 2778 теңгені құрайды. Сондықтан аудан тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтап, темір жол торабының аса қауіпті аймақ екендігін ескерткіміз келеді,– деді Самат Нұралыұлы.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»

Шағын станцияның темір жол торабындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген Түлкібастық көлік сақшыларының бірі – Асылбек Бартаев. Ол Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің жедел уәкілі. Сарыағаш ауданы Келес ауданында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе заң институтында «заңгер» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, 2012 жылы қыркүйек айында Ішкі істер органына қабылданған. Қазіргі кезде Шымкент ст. ЖПБ Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде қызмет атқарып келеді.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»(Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Самат Қадыров)

Ал Әмірсейіт Базаров Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «заңгер» мамандығы бойынша жоғарғы білім алған. 2007 жылы Ішкі істер органына қабылданған. Қазіргі кезде Шымкент ст. ЖПБ Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейі. Амирсеиттің әкесі Сәбит Арапұлы Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасы. Ішкі істер органына 1979 жылы қабылданып, 2004 жылы капитан шенінде Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімше бастығының орынбасары лауазымында зейнеткерлікке шыққан. Полиция департаменті басшылығының атынан бірнеше рет марапатталған. Ұлы Әмірсейіт бүгінде әкесінің жолын жалғап, Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейі лауазымында қызмет етіп келеді.

«Полицияның міндеті – халықтың қорғаны болу»

Жас сақшылардың бірі – Абылай Ермаханұлы. Ол Достық университетінде «заңгер» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып, 2017 жылы Ішкі істер органына қабылданған. Антына адал тәртіп сақшысы қазіргі кезде Шымкент ст. ЖПБ Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейі. Ал жас маман Зәбен Ғалымжан 2019 жылы Ішкі істер органына қабылданып, қазіргі кезде Шымкент ст. ЖПБ Түлкібас станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейі.

Сұхбат барысында полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондықтан барша халықты тәртіп пен ережені сақтап, құқықтық тәртіпке бағынуға шақырамыз.

Бөлісу:
( Суреттер; Автордікі ) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға