Қандастар Ассамблея

Е. Ибраимов: «қазақ спортына өзгеріс керек»

29.12.2016 4370

Несiн жасырайын, депутат болғым-ақ келдi. Бiрақ...

Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 - қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген.

Әкесі: Ибраимов Сағи
Анасы: Ибраимова Жәмила
1979 жылы А. С. Макаренко атындағы мектеп - интернатына барып, 1984 жылы алғаш рет бокс әліппесімен танысады.
Алғашқы бапкері: Бахшар Қарсыбаев
Жеткен жетістіктері:
1986 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің чемпионы.
1987 жылы Алматы қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы арнайы спорт - интернатының түлегі.
1988 жылы Ростов – на – Дону қаласындағы КСРО чемпионатында КСРО чемпионы атанып, КСРО спорт шебері атағын иеленді.
1990 жылы Иркутск қаласында жастар арасындағы КСРО чемпионатында тағы да КСРО чемпионы атанып, КСРО құрама командасының сапына қабылданады.
1991 жылы ересектер арасындағы КСРО кубогының қола жүлдегері. (Украина, Семфиропаль қаласы)
1994 - 2000 жылдар арасында Қазақстанның қатарынан жеті дүркін чемпионы.

1995 жылы І - Бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы. (Италия, Рим қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
1996 жылы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.
1997 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. ( Венгрия, Будапешт қаласы)
1998 жылы Азия ойындарының чемпионы. (Тайланд, Бангкок қаласы)
1999 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. (АҚШ, Хьюстон қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
1994 - 2000 жылдар аралығында Өзбекстан, Ресей, Түркия, Тайланд, Германия, Швеция елдерінде өткен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.
2000 - 2002 жылдары Ақтөбе қаласында бокс мектебін ашып, өзі алғашқы директоры болды.
2002 - 2004 жылдары бокстан Қазақстан ұрама командасының бас бапкері.
2004 - 2007 жылдары Қазақстан республикасы бокс федерациясының вице - президенті.
2007 жылдан бастап республикалық бокстан Олимпиадаға даярлау орталығының директоры.
Жанұялық жағдайы: Үйленген, 5 ұл, 1 қыздың әкесі.

Чемпионның БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарынан: 

  • Алматыда тұрамын. Астанада Есiлдiң жағасында үйiм бар. Туған жерiм –Жамбыл облысы. Ақтөбенi екiншi отаным санаймын. Құдайдың маған берген бес ұлым және бiр қызым бар. Бiраз машина мiнiп тастадым. Қазiр мiнiп жүргенiм – «Джип-Subaru».
  • Негізі Қазақстан егеменді ел болғалы бері 5 Олимпиадада бокстан 6 алтын медаль алған екен. Бес күміс, алты қоланы қосыңыз. Біздегі бірде-бір спорттың түрі мұндай мақтанышпен айта алмайды.
  • Айтайын, қазір Серік Сәпиев Қазақстанның ең жоғары дәрежедегі боксшысы. Ол бұрынырақта әлем чемпионы, ал қазір Олимпиада чемпионы атанып, екі бірдей шыңды бағындырып отыр. Бізде ондай боксшы бұрын болмаған.
  • Бокстың әдемілігі жоғалып барады. Ал ашық ұрыс азайып барады. Ұстасып қалып, бір-бірін түртіп қана тұратын боксшыларымыз көп демесек те, олар бар. Сол себепті қызу талас ұйымдастыру үшін дулыға кимей жұдырықтасуды қолдаймын.
  • Бекзат есiме түскен сайын көңiлiм құлазып сала бередi. Әке-шешесiмен, туысқандарымен шамам жеткенше араласып, хабарласып жүремiн.
  • Уақытым болса, табиғат аясына шығып, демалғанды ұнатамын. Анда-санда бала-шағамды алып, тау аясында серуендеймiн. Содан кейiнгi бiр, соңғы кездегi әуестiгiм – техника болып жүр. Машинаның қыр-сырына әбден мән беретiн болдым. Айтпақшы, тағы бiр әуестiгiм – машиналардан коллекция жинаймын. Бiрақ сiз ойлап қалмаңыз, кәдiмгi бiр үлкен машиналарды жинайды екен деп. Көзiме түскен жаңа ойыншық машиналарды балаларыма ала беремiн.
  • Несiн жасырайын, депутат болғым-ақ келдi. Бiрақ, партияның жетекшiлерi менiң әлi жас екенiмдi ескергенi болса керек, тiзiмге қосылмай қалдым.
  • Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов 72 жыл бұрын майданда қаза тапқан майденгер атасының бейітін Витебскіден тапты.
  • Қазақ спортына өзгерістер керек екені белгілі. Осыған орай  спорт саласында «Бұл заңға енгізілгелі отырған жаңа өзгерістерді мен өз басым толық қолдаймын. Ешкімге де жасырын емес қой, қазір бізде кей өңірлер сол жердің климаттық жағдайы, спортшыларының деңгейіне сай келмейтін спорт түрлерін дамытуда. Керісінше сол аймақта дамуына толық мүмкіндігі бар спорт түрлеріне көп көңіл бөле алмай отыр.
  • Жетістіктің барлығы да үлкен еңбекпен келді. Қазақстанның, мәселен мен сізден сұрасам, Мақат, Бейнеу деген жерлерін білесіз бе? Білмейсіз. Еліміздің түкпір-түкпірінен бокс мектептерін тауып алып, солармен жақсылап жұмыс жасадық. Бокстың насихатын ауыл-аймаққа жүргіздік. Олимпиадада біздің бокстағы жастарымыздың ауызбіршілігі арқасында осындай атаққа ие болып отырмыз.

Ұқсас материалдар