Жаңалықтар

Динара Сәдуақасованың өмірлік ұстанымдары

«Мен әзірге пешкамын, ханшайым болуым әлі алда»
Динара Сәдуақасованың өмірлік ұстанымдары
27.04.2017 09:32 4502
  • Шахматпен алғаш бес жасымда таныстым. Ол менің хоббиім ғана еді. Алдыма биік мақсаттар қоймаған болатынмын. Халықаралық аренадағы алғашқы жетістігімнен соң, биіктерді бағындыра алатынымды түсіндім. Әлем чемпионы боламын деп талап қойдым.

  • «Тыныш жүрсең – ары қарай жылжи бересің» дегендей, тура ұмтыла берсең, өз мақсатыңа жетпей қоймайсың. Ең бастысы, тек қана алға!

  • Арманым – ерлер арасындағы әлемдік шахмат элитасына қосылғым келеді!

  • Елдің және ұлттың рухани дамуы – барлығымыздың алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады.

  • Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады.

  • Әр жеңістен кейінгі сезімді сөзбен жеткізе аламаймын. Мен бүгінгі жеткен жетістіктеріммен тоқтап қалмақ емеспін. Әлемдік бәсекелерден жүлдемен оралу үшін барымды саламын.

  • Өміріме шахматтың тигізіп жатқан әсері көп. Алдағы бір-екі қадамыңды бұрынырақ ойланып басасың. Өз ойымда арнайы жоспар құрып жүремін, бірінші мынаны істейін, келесі мынаны деген секілді. Мұның өмірімде пайдасы зор. Тәртіпке бағынып, өмірде күрескер боласың. Себебі, шахмат – спорт және пайдалысы.

  • Менің кітабымнан кейін шахматпен айналысатын балалар көбейді. Елімізде шахматқа жаңа тыныс сыйлағаныма қуаныштымын.

  • Азаматтығын ұсынатын мемлекеттер болған, әлі де бар. Бірақ, мен Қазақстанда туылдым. Өз елімді ешқашан тастап кетпеймін.

  • Өзімді қай шахмат фигурасына теңерімді білмеймін. Ферзь – мықты фигура. Барлық жақа қарай жүретін мүмкіндікке ие, ат та өзінің жүрісімен ерекшеленеді. Дегенмен, қазір өзімді 7-ші горизантальда тұрған пешкаға теңер едім. Ханшайымға айналуым әлі алда деп есептеймін.

  • Кумирім жоқ,  Гарри Каспаров, Магнус Карлсонды үлгі тұтамын, олардың ойын тәсілдері көбірек ұнайды.

  • Әр жыл шахматшы үшін өте маңызды. Адам өседі, есейеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Мен үшін өткен жылдар көп нәрсені үйретті, тәжірибем толысты, мінезім қалыптасты.

  • Мен өзімді тек шахматпен шектемеймін. Түрлі бағытта өзімді дамытқым келеді. Тілдерді оқимын, өзімді-өзім кемелдендіруге тырысам. Араб тілін үйреніп жүрмін, кәріс және француз тілдерін де меңгергім келеді.

  • Маған əртүрлі ғылымдар ұнайды. Болашақта шахматтан бөлек, ізгі ниет елшісі болғым келеді. Ал əзірге шахматпен айналысып, Қазақстан атын халықаралық аренада таныта бермекпін.
     
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға